Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 14 Қыркүйек, 2020

Еуропада коронавирус жұқтырғандар саны артты

Еуропада коронавирус жұқтырғандар саны артты. Франция Covid-19 вирусын жұқтыру жағдайының рекордтық көрсеткішке жеткенін мәлім етті.

Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, әлемде 28,7 млн адам Covid-19 жұқтырып, 920,8 мың науқас қауіпті індеттен көз жұмған, 19,4 млн адам сауығып кеткен. Сенбі күні француз билігі бір тәулікте 10561 адамның вирус жұқтырғанын хабарлады. Бұл бір күн бұрынғы көрсеткіштен 1000 адамға көп.

Сондай-ақ Covid-19 диагнозымен ауруханаға, жансақтау бөліміне түскен науқастар да көбейген. Осыған қарай Францияның медицина саласының белді мамандары халықты жеке кездесулерден аулақ болуға шақырды. Маусым айынан бері Францияда ауру жұқтыру деңгейі барлық жастағы адамдар арасында өсті, бірақ билік бұл өсім әсіресе жастар арасында көп екенін айтып отыр. Франция індетке шалдығушылар өсімі байқалған жалғыз еуропалық ел емес. Құрлықтағы билік наурыз айында енгізілген қатаң карантиндік шараларды жеңілдете бастағанда, ауру жұқтырғандардың саны біртіндеп өсті, ал тамыз айында айтарлықтай артты.

Сенбі күні Франция ауруханасына коронавирус диагнозы қойылған 2432 пациент түсті. Олардың 417-сі жансақтау бөліміне орналастырылды. 17 адам көз жұмды. Жалпы алғанда елде пандемия кезінде қайтыс болғандар саны 30 мыңнан асты. Франция қайтыс болғандар саны бойынша әлемде жетінші орында.

Еуропаның өзге де елдеріндегі жағдай

Бірқатар Еуропа елінде коронавирус өршіп тұр. Жексенбі күні Чехияда үш күнде 1541 адам вирус жұқтырып, рекордтық көрсеткіш тіркелген. Көршілес елдер Чехиядан кіруге шектеулер енгізе бастады.

Сәрсенбіден бастап Германия Прагадан келушілердің барлығынан коронавирусқа тапсырылған тест нәтижесін талап ететін болады. Өткен бейсенбіде Испанияда бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны 10764 адамға жеткен.

 inform.kz 

174 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Елімізде өткен тәулікте 12 адам коронавирустан жазылып кетті
Келесі мақала ҚР Президенті жанынан Реформалар жөніндегі жоғары кеңес құрылды

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *