Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Өзекті
  • 14 Қыркүйек, 2020

Шымкентте шектеу шаралары 28 қыркүйекке дейін созылды

Бұл туралы қаланың Бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысында айтылды.

Қалада қоғамдық көлік аптаның алты күнінде жолаушыларды тасымалдайтын болды. Бұған дейін автобустар тек дүйсенбі мен жұма аралығында жүретін. Сондай-ақ енді демалыс күндері ашық аспан астындағы азық-түлік сататын және өзге де базарлар мен сауда орындарының  жұмысына шектеу қойылмайды.

Қала тұрғындары әлі де бетперде тағып, әлеуметтік арақашықтықты сақтауы тиіс. Отбасылық жиын-той өткізуге рұқсат берілген жоқ. Құжатқа сәйкес сұлулық салондары мен SPA орталықтарының уақыты кешкі 21:00-ге дейін ұзартылды.

 

104 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Қазақстанда өткен тәулікте 52 адамнан коронавирус анықталды
Келесі мақала ҚР Президенті жанынан Реформалар жөніндегі жоғары кеңес құрылды

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *