Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 14 Қыркүйек, 2020

СҚО-да балықтар неден қырылды?

Айыртау ауданында жарты тоннаға жуық мөңке балығының өлекселері жағаға шығып қалған еді. Аталған фактіге байланысты ветеринарлар, экологтар және табиғатты қорғау инспекторларынан арнайы комиссия құрылды. Мамандар су мен балықтан сынама алып, оларды арнайы зертханада тексерді. Оның қорытындысы бойынша күкірт сутегі нормадан көп бөлінген. Салдарынан су маржандары да тұншығып қалған. Жалпы биыл өңірде осындай үш жағдай тіркелген.

Елена Мазик, Экология департаменті зертханалық-сараптамалық бақылау бөлімінің бас маманы: "Биылғы жаз өте ыстық болды. Салдарынан су таязданып, күкірт сутегі концентраты пайда болған. Бұл дегеніміз – көлдің бетіне пленка жабылып, су жәндіктеріне ауаның жетпей қалуы. Қырылған балықтар санитарлық талап бойынша жойылды"- деп мәлімдеді.


207 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Елордадағы жәрмеңкеге 300 тонна өнім жөнелтіледі
Келесі мақала Маңғыстау облысындағы Таушық ауылында ойын алаңдары жарықтандырылды

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *