Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 14 Қыркүйек, 2020

Жәнібек Әлімханұлы Лас-Вегаста жұдырықтасады

Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының (8-0, 4 КО) келесі жекпе-жегі қашан өтетінін белгілі болды.

BoxRec мәліметінше, 27 жастағы қазақ боксшысы 9 қазанда Лас-Вегастағы The Bubble аренасында Top Rank ұйымдастыратын бокс кешінде рингке шығатын болады. Жәнібектің қарсыласы әзірге белігісіз.

Ал бұл шоудың басты жекпе-жегінде Эмануэль Наваррете (31-1, 27 КО) мен Рубен Вилье (18-0, 5 КО) WBC титулы үшін жұдырықтасады. 

Жәнібек былтыр қарашадан бері жекпе-жек өткізбеді. Оның да жоспарларына коронавирус індетінің таралуы кері әсерін тигізді. Жақында боксшы чемпиондық титул үшін жоғары салмақта да өнер көрсетуге дайын екенін айтқан. Спортшы өзінің кәсіпқой мәнсабында бірнеше салмақта әлем чемпионы болуға ниетті.

110 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Мбаппе ПСЖ-дан кететінін мәлім етті
Келесі мақала «Астана арландар» мен Астана президенттік кәсіби спорт клубы жабылады

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *