Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 14 Қыркүйек, 2020

Велосипед пен электросамокат автобусқа кіргізілмейді

ҚР ИИДМ автокөлікпен жолаушы және жүк тасымалдау ережелеріне түзету енгізбек. Жуырда аталған құжатта қалалық (ауылдық) және қала маңына қатынайтын автобус, шағын автобус және троллейбус салонында велосипед және электросамокат тасуға тыйым салатын тармақ пайда болады. Қызығы, мұнда қарапайым самокат жайлы ештеңе жазылмаған.

Қолданыстағы ереженің 33-тармағында жолаушылардың салонға көлемі 60 х 40 х 20 см-ден, ал салмағы 20 келіден аспайтын жүк пен мүгедек арбасын, қабы бар шаңғы, бала арбасы мен шана кіргізуіне рұқсат етілетіні жазылған. Ал 34-тармақ бойынша, көлемі мен салмағы үлкен зат жүксалғышқа салынуы тиіс.

Велосипед пен электросамокаттың көлемі мен салмағының рұқсат етілген шектен асатыны анық. Ал қала ішінде жүйткитін қоғамдық көлікте жүк салатын бөлім ешқашан болған емес. Біраз уақыт бұрын Алматы автобустарының алдына велосипед таситын кронштейн ілмек болған, бірақ бұл іс аяқсыз қалды.

148 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Карантин қайта енгізілуі мүмкін бе?
Келесі мақала Грузияда вирус жұқтырғандар саны артты

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *