Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 14 Қыркүйек, 2020

Грузияда вирус жұқтырғандар саны артты

Грузияда соңғы уақытта дертті жұқтырғандар саны күрт өсті. Елде вирус күн сайын 150-ден астам адамнан анықталуда. Бұл көктемгі көрсеткіштен 5 есе артық. Алайда, билік Грузияда дертке шалдыққандар өзге елдерге қарағанда әлдеқайда төмен екенін айтып, халықты үрейге бол алдырмауға шақырып отыр. Дегенмен, үкімет шектеулер енгізіп, тұрғындардан сақтық шараларын орындауды сұрауда.

Тенгиз Церцвадзе, Тбилиси жұқпалы аурулар ауруханасының директоры:

- Қазіргідей жағдайда қандай да бір уәде беру қиын. Бірақ біз дерттен жазылған науқастардың жоғарғы көрсеткішін сақтауға күш саламыз. Азаматтар да шектеу шараларына немқұрайлы қарамай, вирустан барынша сақтануы тиіс. Босаңсудың салдарынан елде індет өршіп кетті.

Грузия көктем мен жаз кезінде індетті жеңіл еңсеріп, кеңінен тарауына жол бермеді. Қыркүйектің басында жаңа оқу жылына дайындық басталды. Оқу орындары тиісті талаптарға сәйкес тексеруден өтті. Нәтижесінде елдегі екі мыңнан астам мектептің тек 4%-і ғана сай болмай шығып, қателіктерін түзеуі тиіс еді. Енді жағдай аяқ астынан өзгерді. Коронавирус өршіп, барлық ірі қалада оқушылар қазан айына дейін қашықтан оқиды деген шешім қабылданды.




109 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 29 миллионнан асты
Келесі мақала Еуропарламент отырысы Брюссельде өтетін болды

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *