Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 14 Қыркүйек, 2020

Алматыда тұмауға байланысты шектеулер бола ма?

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында қалада тұмауға байланысты қандай шектеулер енгізілетінін айтты.

«Біздің міндетіміз – карантинді болдырмау. Бізде тұмауға байланысты карантин болған емес. Бірақ, шектеу шаралары енгізілуі мүмкін. Тұмау өршитін болса, мектеп, балабақша мен кәсіпорындарға шектеу шаралары қолданылады «, - деді Жандарбек Бекшин брифингіде.

Ол тұмау мен коронавирустың профилактика шараларының бірдей екенін атап өтті.

«Егер санитарлық талаптарды сақтап, оны дұрыс орындасақ, онда біз тұмаудың күрт өсуіне жол бермейміз», - деді ол.

www.inform.kz

 

281 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз