Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 15 Қыркүйек, 2020

Қанат Ислам рингке оралады

Биылғы 16 қазан күні АҚШ-тың Флорида штаты Плант-Сити қаласында Nelsons Promotion компаниясының кәсіпқой бокс кеші өтеді. Онда рингке Қазақстаннан қос спортшы шығатыны жоспарланған.

ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Қазақстанның кәсіпқой боксы» парақшасында мәлім етілгендей, кеш барысында профидегі алғашқы айқасын отандық спортшы Дархан Жұмсақбаев өткізеді. Жартылай жеңіл салмақтағы жекпе-жектегі оның қарсыласы 31 жастағы никарагуалық Осмель Майорга (2-0, 1КО) болмақ. Кездесу 6 раундқа есептелген.

Сондай-ақ аталмыш турнирге Қанат Ислам (27-0, 21КО) қатысатыны хабарлануда. Оның оппонентінің есімі әзірге жарияланған жоқ. Қ.Ислам соңғы айқасын былтыр, 26 қазан күні Алматыда өткізген еді. Ол Намибия өкілі Уолтер Каутондокваны (18-2, 17КО) төрешілердің бірауызды шешімімен жеңді.

inform.kz

112 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала «Астана арландар» мен Астана президенттік кәсіби спорт клубы жабылады
Келесі мақала «Қайрат» футбол клубы Израильде жаттығуда

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *