Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 15 Қыркүйек, 2020

Алматы ЖЭО-2 газбен істейтін станция болады

Оңтүстік мегаполистегі жылудың және электр энергиясының негізгі көзі саналатынАлматы ЖЭО-2 толығымен газға көшіріледі. Бұл туралы бүгінде қоршаған ортаға тигізетін әсерді мейлінше азайту бойынша жұмыс жүргізіп отырған «Самұрық-Энерго» АҚ-да айтылды.

Сайып келгенде, Алматы қаласының экологиясын жақсарту ісінде маңызды қадам жасалуды, өйткені атмосфералық ауаның сапасына жұмысы кері әсер ететін  нысандар қалада баршылық (автокөлік, қоғамдық көлік және жеке сектордың ауаға зиянды шығарулары, жылу мен энергияны көмірмен істеу арқылы өндіретін өзге де кәсіпорындар). Оның үстіне, қаланың алдында көгалдандырумен, жел режимін ескере отырып құрылыс жүргізумен, отынның сапасымен және т.б. байланысты мәселелерді шешу тұр.

ЖЭО-2-ні жаңғыртудың көптеген нұсқалары қарастырылды. «АлЭС» АҚ-ның тапсырысы бойынша бұл жұмысты энергетика саласында құрылыс жүргізудің 60 жылдық тарихына ие, жылу энергетикасы саласындағы жобаға дайындық және жобалау жұмыстарының кең ауқымын атқаратын «ҚазЭнергоөнеркәсіптікҒЗЖІ» жобалау институты жүргізді.

ЖЭО-2-ні табиғи газ жағуға көшіру атмосфераға зиянды заттар шығаруды азайтудың және станция әсерін тигізетін зонада ауаның сапасын жақсартудың ең тиімді жолы екені еш күмәнсіз. Сол арқылы атмосфераға ластаушы заттар шығарудың жылдық саны 80%-тен астамға қысқарады.

Қазіргі уақытта «Самұрық-Энерго» АҚ тарифтік салмақтың мейлінше төмендеуі міндетті түрде қамтамасыз етілуін және жобаның толық ақталуын ескере отырып, оны қаржыландырудыңтиімді көздері мен қаржыландыру тәсілдерін тарту бойынша жұмысты жалғастыруда. Осылайша, компания жылу және электр энергиясының негізгі тұтынушылары болып табылатын қала тұрғындарының барлық мүдделерінескереді.

Анықтама:

Алматы ЖЭО-2 – Қазақстандағы электр және жылу энергиясын қатар өндіретін аса ірі жылу станциясы. Станция  Алматы қаласын жылу және электр энергиясымен қамтамасыз етеді. ЖЭО-2-нің белгіленген электрлік қуаттылығы 510 МВтты, жылулық қуаттылығы - 1411 Гкал/сағатты құрайды.

«Самұрық-Энерго» АҚ – Қазақстандағы аса ірі электр энергетикалық холдинг, акцияларының 100%-ы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі.  2007 жылы құрылған. Жұмысының негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, бөліп-тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдингтің құрамына энергия және көмір өндіру кәсіпорындары, соның ішінде: «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «О.Д. Қантаев атындағы Мойнақ су электрстанциясы» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және т.б. кіреді.

 

 

 

 

 

707 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз