Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 15 Қыркүйек, 2020

Маңғыстау облысындағы Таушық ауылында ойын алаңдары жарықтандырылды

Түпқараған ауданындағы Таушық ауылында демеушілердің көмегімен ойын алаңдары жарықтандырылды. Ауылдың азаматтары Қ.Жұбайұлы мен Ардагерлер көшесіндегі ойын алаңдарына жарық қондырды. Бұл туралы Таушық ауылы әкімінің міндетін атқарушы Нұржан Бақтыбаев мәлім етті.

«Ауыл тұрғындарының өтінішін ескере отырып, Ардагерлер көшесіне жарық қондырылды. Сондай-ақ, осы көшедегі орналасқан ойын алаңы мен Қ. Жұбайұлы көшесіндегі балалар ойын алаңы мен ашық спорт алаңдарына жарық шамдары орнатылды. Бұл жұмыстар демеушілердің көмегімен жүзеге асырылды. Сондай-ақ, балалар ойын алаңдары жаңартылып, сырланды.Қазіргі таңда Таушық ауылының көшелері 100 пайыз жарықтандырылған. Жарық шамдары уақытында ауыстырылып тұрады.», - деді Нұржан Бақтыбаев.

179 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала СҚО-да балықтар неден қырылды?
Келесі мақала Маңғыстауда итбалықтарды сақтауға арналған жоба қолға алынды

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *