Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 15 Қыркүйек, 2020

Полицейлер кәріз люктері қақпақтарын ұрлағандарды ұстады

Полиция департаментінің мәліметінше, 1 қыркүйектен бастап күдіктілер 15 қақпақ ұрлап үлгерген, деп хабарлайды kazgazeta.kz елорда әкімінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Криминалдық полиция қызметкерлері елорда аумағындағы люктердің шойын қақпақтарын ұрлаумен айналысқан бір топ ұрыны ұстады. Олар Солтүстік Қазақстан облысының 23 жасар азаматы және Қостанай облысының 20 жастағы тұрғыны болып шықты. 1 қыркүйектен бастап күдіктілер 15 қақпақ ұрлағаны белгілі болды.

"Түнгі уақытта БМВ автокөлігімен жігіттер индустриялық парк аумағына келіп, люктердің қақпақтарын ұрлап кеткен.
Ұрылар мінген автокөлік бейнекамераларға түскен, содан кейін көлік иесі анықталып, ұсталды.
Қақпақтарды жігіттер орман зауыты аумағындағы металл қабылдау пунктіне тапсырған. Нәтижесінде 15 шойын қақпақ тәркіленді", - деді полицейлер.

Ұрланған мүлікті сатып алушыға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 196-бабы бойынша қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алғаны немесе өткізгені үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы мәселе шешілуде. Сонымен қатар, ол "ұрланған мүлікті сатып алушы" ретінде есепке алынады.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша тергеу жүргізілуде. Ұсталғандар уақытша изоляторға қамалды. Күдіктілердің басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

"Кәріз люктерінің қақпақтарын ұрлап, қаскүнемдер ең алдымен азаматтардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіргенін атап өткіміз келеді. Бұл ашық кәріз люктеріне құлап қайтыс болған екі кәмелетке толмаған баланың өлімі фактілерінен айқын көрінеді", – делінген полиция департаментінің хабарламасында.

111 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала «Ассамблея – халықты біріктіру мен шоғырландырудың бірегей институты»
Келесі мақала Бурабай көлінде балық жаппай қырылды

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *