Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 15 Қыркүйек, 2020

Бурабай көлінде балық жаппай қырылды

Ақмола облысы Бурабай көлінде қырылған балықтардың видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды kazgazeta.kz «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Шабақ балықтардың жаппай қырылуы тұрғындарға үрей туғызған. Осы жағдайға қатысты «Бурабай» ұлттық табиғи паркінің өкілі пікір білдірді. Айтуынша, жазғы аптап ыстықтан Бурабай көлінің деңгейі 35 сантиметрге төмендеген. Ал жаңбырдан кейін қайта толған Сарыбұлақ өзенінен Бурабай көліне тұщы су ағып, шабақ тектес балық қаптап кеткен.

Мират Бейсембаев, «Бурабай» ұлттық табиғи паркінің өкілі:

– Балықтар көп шоғырланған жерде майда шабақтар өліп қалады. Бұл табиғи сұрыптау. Ешқандай қауіп жоқ. Зертханалық зерттеу жүргізу үшін су мен балықтан сынама алынды. Балықтың жаппай қырылуының нақты себебі зертхана сараптамасының нәтижесі шыққаннан кейін белгілі болады.

104 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Полицейлер кәріз люктері қақпақтарын ұрлағандарды ұстады
Келесі мақала Алматыда 430 мың тұрғынды тұмауға қарсы вакциналау жоспарлануда

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *