Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 15 Қыркүйек, 2020

2020 жылы ең көп табыс тапқан футболшылар. ТОП-10

Forbes журналы 2020 жылдың ең көп табыс тапқан футболшылардың рейтингін жариялады.

Тізімнің көшін "Барселона" шабуылшысы Лионлеь Месси бастап тұр. Аргентиналық шабуылшының бір жылдағы табысы 126 миллион доллар болыпты. Оның 92 миллион доллары таза жалақы болса, 34 миллионды ол жарнамадан тауыпты. 


Екінші орынға туриндік "Ювентус" командасының шабуылшысы Криштиану Роналду жайғасқан. Португалиялық футболшының табысы - 117 миллион. Бұл табысты 70 миллоны Роналдуға жалақы арқылы түссе, 47 миллион жарнама арқылы келген. 

Үздік үштікті "Пари Сен-Жермен" ойыншысы Неймар түйіндеді. Оның табысы 96 миллион доллар. 

Үздік ондыққа кірген футболшылардың тізімі мынадай:

4. Килиан Мбаппе (ПСЖ, 42 миллиона доллар)
5. Мохамед Салах ("Ливерпуль", 37)
6. Поль Погба ("Манчестер Юнайтед", 34)
7. Антуан Гризманн ("Барселона", 33)
8. Гарет Бэйл ("Реал", 29)
9. Роберт Левандовски ("Бавария", 28)
10. Давид де Хеа ("Манчестер Юнайтед", 27)

Еске салайық, биыл Роналду табысы бір миллиард доллардан асқан бірінші футболшы атанды. 17 жылдық карьерасында ол 650 миллион долларды жалақы ретінде алса, қалғанын демеушілердің жарнамаларынан алған. 

534 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз