Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 16 Қыркүйек, 2020

Қорғаныс министрі бірқатар кемшіліктерді айтты

Қорғаныс министрлігінде өткен кезекті аппараттық кеңесте оқу-жаттығулардың қорытындылары шығарылып, ең өзекті мәселелер қаралды және оларды уақтылы шешу бойынша міндеттер қойылды.

Қарулы күштердегі маңызды мәселенің бірі нысандарды қысқа дайындау. Осылайша, Қорғаныс министрлігінің комиссиясы жүргізген тексеру барысында бірнеше гарнизондарда ғимараттарды, казармаларды, терезелер мен қазандықтарды жөндеудің аяқталмағандығы, жылыту жабдығының ақауы анықталды. Қорғаныс министрі Бас қолбасшыларға жергілікті жерлерде жұмыс жүргізетін мердігерлердің жұмысын бақылауды күшейту бойынша міндеттер қойды, сондай-ақ құрылыс ұйымдарының өз міндеттемелерін орындаудың қатаң мерзімдерін белгіледі.

Қорғаныс ведомствосының басшысы басты басымдықтардың бірі оқ-дәрілерді сақтау қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары екендігін атап өтті. Мұнда әлі күнге дейін шешілмеген мәселелер бар. Уәкілетті орган «Қазтехнология» АҚ әрдайым жарамсыз оқ-дәрілерді уақытылы кәдеге жарата бермейтінін ескере отырып, бас қолбасшыларға оларды пайдаланылмайтын әскери мүлік ретінде инженерлік-саперлік бөлімшелердің күшімен жою мүмкіндігін белгіленген тәртіппен пысықтау туралы нұсқау берілді. Қорғаныс министрі анықталған кемшіліктерді жедел жоюды, ал оқ-дәрілердің сақталуын тексеруді Қорғаныс министрлігінің, Бас штабтың, бас инспекцияның және әскери полицияның комиссияларын тарта отырып, тұрақты түрде жүзеге асыруды тапсырды.

Басшылық құрам жеке құрамның денсаулығын сақтау бойынша жұмысты күшейтуге ерекше назары аударды. Қарулы Күштерде әскери қызметшілергекүзгі-қысқы кезеңде күшейетін тұмау вирусына қарсы вакцинациялауды ұйымдастыру бойынша іс-шаралар жүргізілуде. Вакцинаны әскери бөлімдерге жеткізу жүзеге асырылуда, бірінші кезекте мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге, әскери оқу орындарының курсанттарына, сондай-ақ созылмалы аурулары бар «тәуекел тобының» өкілдеріне көңіл бөлінетін болады.

Қорғаныс министрі Қарулы Күштерде медициналық қамтамасыз етуді жетілдіру жөніндегі жүйелі шаралар спектрін кеңейтуге нұсқау берді. Қорғаныс министрлігімен медицина мамандарына үстемақы төленуде. Әскери дәрігерлерді даярлау және әскери қызметке шақыру жоспарланған, сондай-ақ олардың резидентуралар мен интернатураларда, оның ішінде шетелдік оқу орындарында өз біліктілігін арттыру көзделген. Әскери медициналық мекемелерге қазіргі заманғы медициналық жабдықтарды, оның ішінде стационарлық және ұтқыр ПТР-зертханаларды жеткізу ұйымдастырылды.

Өткен аптада Маңғыстау облысында әскерлердің түрлі топтамасымен өткен кешенді оқу-жаттығуды қорытындылай келе, генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев жеке құрамның жоғары дайындығына, жауынгерлік жүзушілер мен арнайы операциялар күштерінің бөлімшелері көрсеткен жауынгерлік оқытудың жаңа нысандары мен әдістерін енгізудің тиімділігі мен қажеттілігіне тоқталды.

Атап айтқанда, алғаш рет армиялық тактикалық атыстың кешенді әр түрлі жаттығулары, әскери қызметшілерді психологиялық даярлау әдістемесі көрсетілді.

Бұдан басқа, сақталып отырған шектеу санитарлық-эпидемиологиялық шараларына қарамастан, толық көлемде орындалуға тиіс жауынгерлік даярлық іс-шараларын сапалы жүргізу жөніндегі таяу арадағы міндеттер айқындалды.

14 қыркүйекте «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының, Десанттық-шабуылдау әскерлері мен Әскери-әуе күштерінің басқару органдары мен әскери бөлімдері тартылған«Алдаспан» жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды.

Алдағы аптада барлық әскерлерде батальондық тактикалық топтардың дайындығы аяқталады, сондай-ақ көптеген командалық-штабтық жаттығулар мен аумақтық қорғаныс бөлімшелерімен оқу-жаттығулар өткізіледі.

 

39 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Президент жаңа агенттіктің төрағасына тапсырма берді
Келесі мақала Алты мемлекеттің ғалымдары қатысады

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *