Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 16 Қыркүйек, 2020

«Алдаспан-2020» ауқымды оқу-жаттығу жиыны басталды

Дайындық жоспарына сәйкес Қарулы Күштерде «Алдаспан-2020» жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды.

Оқу-жаттығуға «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының, Десанттық-шабуылдау әскерлері мен Әскери-әуе күштерінің басқару органдары мен әскери бөлімдері тартылды. Әскер оқу-жаттығу дабылымен көтеріліп, штаттық техникамен Жамбыл облысында орналасқан «Мәтібұлақ» полигонына барды.

Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты заңсыз қарулы құралымдарға қарсы күрес кезінде бірлескен іс-қимылдарды пысықтау болып табылады. Әскери маневрлер ауданына келген әскерлер тобы, жергілікті жерді барлауды жүзеге асыруы, оқу-жаттығу жауынгерлік міндетін алуы, шартты қарсыласты анықтауы, сондай-ақ дағдарыс ауданында тұрақтылықты қалпына келтіру бойынша арнайы операция жүргізуі тиіс.

Оқу-жаттығудың ерекшелігі қазіргі заманғы қарулы қақтығыстар тәжірибесін енгізу болып табылады. Басқару органдары, штабтар, классикалық шешім қабылдаудын айырмашылығынан басқа, тез өзгеретін жағдайды ескере отырып, бөлімшелердің міндеттерін нақтылап, күн сайын жауынгерлік іс-қимылдарды жоспарлайды. Бұл қол жетімді күштер мен құралдарды тиімді пайдалануға, материалдық ресурстарды үнемдеуге және адам ресурстарын қорғауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, оқу-жаттығу барысында заңсыз қарулы құрамаларға қарсы күресте өзінің тиімділігін көрсеткен танк бөлімшелері мен әскери авиация күштерін қолданудың жаңа нысандары мен әдістерін пайдалану жоспарлануда.

Оқу-жаттығу ағымдағы жылдың 23 қыркүйегіне дейін жалғасады.

 

 

 

 

 

290 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз