Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 16 Қыркүйек, 2020

Өскемен автобустарында электронды билеттеу жүйесі сынақтан өткізіледі

Өскемен қаласында қоғамдық көліктердегі электронды билеттеу жүйесі сынақтан өткізіледі.

Шаһар басшысы Жақсылық Омардың айтуынша, егер электронды билеттеу жүйесі енгізілсе, онда тариф те дифференцияланады. Мәселен, жолақы карточка арқылы төленсе – 90 теңгені құрайды, ал қолма-қол ақша түрінде болса – баға сәйкесінше жоғары болады. «Біз үшін электронды билеттеу жүйесінің нәтижелі іске асуы өте маңызды. Сондай-ақ жаңа билеттеу жүйесі іске қосылған трамвайлар санын көбейту керек», - деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов жиын барысында.

Аймақ басшысы күздің үш айында қаланың барлық қоғамдық көліктерінде қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға қажетті жабдықтардың орнатылуын қадағалауды тапсырды. «1 қазаннан бастап тиісті жабдықтар орнатылған 65 автобусты сынақтан өткізу қажет. Электронды билеттеу жүйесімен және осы жабдық әлі қойылмаған автобустардан қаражаттың қалай жиналатынын салыстырамыз», - деп түйіндеді облыс әкімі.


Қазақпарат

75 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Қазақстанда өткен тәулікте 64 адамнан коронавирус анықталды
Келесі мақала Алматы облысында биыл 6 сүт фермасы іске қосылды

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *