Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 16 Қыркүйек, 2020

Алматы облысында биыл 6 сүт фермасы іске қосылды

 Бүгінгі күнге дейін Алматы облысында сыйымдылығы 25,7 мың бас болатын 82 сүт фермасы бар. Жыл басынан бері Қаратал, Іле, Еңбекшіқазақ және Панфилов аудандарында сыйымдылығы 2400 бас болатын 6 тауарлы-сүт фермасы іске қосылды, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, жыл соңына дейін облыста сыйымдылығы 2 мың басқа арналған 6 тауарлы-сүт фермасын пайдалануға беріледі деп жоспарланған. 8 айдың қорытындысы бойынша облыста 547,5 мың тонна сүт өндірілді. Оның 89,0 мың тонна сүті тауарлы-сүт фермасына тиесілі.

Өткен жылы облыста 788,2 мың тонна сүт өндірілгенін, оның ішінде 87,2 мың тоннасы тауарлы-сүт фермаларында өндірілгенін атап өткен жөн. 2020 жылға арналған сүт өндіру жоспары 816,7 мың тоннаны құрайды. Оның ішінде тауарлы-сүт фермаларының үлесі 92,0 мың тонна.

94 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Өскемен автобустарында электронды билеттеу жүйесі сынақтан өткізіледі
Келесі мақала Елімізде карантин туралы қаулыға өзгерістер енгізілді

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *