Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 16 Қыркүйек, 2020

«Жастар-Отанға!» бағдарламасы ресми түрде таныстырылды

«Орталық коммуникациялар қызметі» алаңында «Nur Otan» партиясының «Jas Otan» Жастар қанаты 2025 жылға дейінгі «Жастар-Отанға!» бағдарламасын ресми түрде таныстырды, - деп хабарлайды "Jas Otan" Жастар қанаты баспасөз қызметі.

Жасотандықтар жас қазақстандықтар өмірінің негізгі салаларын қамтитын жастар саясатын дамытуға бағытталған жаңа бағдарлама әзірледі.

«Jas Otan» ЖҚ жетекшісі Елнұр Бейсенбаев:

- Nur Otan» партиясының көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша 5 жыл қатарынан жүзеге асырылатын «Жастар-Отанға!» бағдарламасының жобасы әзірленді. Бағдарлама үздік отандық аналитиктер мен саясаттанушылардың қатысуымен, жастар мәселесіне қатысты халықаралық ұйымдар және әлемдік үрдістер мен тәжірибелер ескеріле отырып дайындалды. Бағдарламаны дайындау барысында бізге әлеуметтік желілер, онлайн және оффлайн кездесулер мен талқылаулар арқылы 3765 ұсыныс келіп түсті. Сонымен қатар, жақында jasotan.kz сайтында біз бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралармен нақты көрсеткіштер көрсетілген 216 жол картасын жарияладық.

«Jas Otan» ЖҚ жастар жобалары және аналитика басқармасының басшысы Нұрзина Қыдыралина:

- Бүгінде біз негізгі бес маңызды бағыт бойынша жұмыс атқаратын боламыз. Олар еліміздің әр жас қазақстандығының өмірінің барлық саласын қамтиды. Бұл – жастардың азаматтық бастамаларын қолдау, білім беру сапасын арттыру, жұмыспен қамту, тұрғын үймен қамтамасыз ету және жас қазақстандықтардың бос уақытының тиімді өтуіне атсалысу.

Партияның жастар қанаты бес жыл ішінде жастар арасындағы жұмыссыздықты 3,7% - ға, NEET үлесін 6,8% - ға дейін төмендетуді жоспарлап отыр.

Жол карталарында ауыл жастарына, дәлірек айтқанда олардың бос уақытын ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлінген. Мысалы, ауылдық жерлерде жалпы 450 мың адамға есептелген спорт нысандары салынатын болады.

Жастар студенттер мәселесін де көтерді. Республика бойынша студенттердің 25%-ын жатақханамен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, брифинг барысында ұйым басшысы жасотандықтар Саяси менеджмент мектебімен бірлесіп жүзеге асырып жатқан жаңа жоба туралы айтып берді.

17 қыркүйектен бастап «Sana» тұлғалық даму мектебі жастарды онлайн-оқытатын болады. Мектеп тыңдаушылары үш модуль бойынша тегін білім ала алады. Олар: Шешендік өнер, эмоционалды интеллект және көшбасшылық, Интернет-маркетинг.

147 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Білім және ғылым министрлігі 25 жоғары оқу орнының 60 лицензиясы қайтарып алды
Келесі мақала Әншілерге обал болды

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *