Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 16 Қыркүйек, 2020

Карантиндік шараларға қарамастан Қазақстанда ипотека көлемі 60%-ға өсті

Мұндай деректерді «Орда» ипотекалық өнімінің қарыз беру статистикасы негізінде Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ (бұдан әрі - «Компания») ұсынды. 2020 жылғы 8 айда «Орда» ипотекасы аясында ипотекалық кредиттеу 2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 61,5%-ға өсті.

Мәжит Ғалымжанұлы Жүсіпов, Басқарма төрағасының орынбасары: «Бірқатар шектеу шараларына, оның ішінде біздің кеңселерде, «Орда» ипотекасы берілетін әріптес банктердің кеңселерінде клиенттерге қызмет көрсетуге қойылған шектеу шараларына қарамастан, 2020 жылы өнімге үлкен сұраныс болғанын көріп отырмыз» Егер сәуір айында ірі қалаларда карантиннің күшеюіне байланысты біз кредит беру бойынша рекордтық төмен көрсеткіштерді көрген болсақ, маусым айында ол карантинге дейінгідей жағдайға қайтып оралды. Ал осы жылдың тамыз айы «Ордадағы» сатудың барлық кезеңімен салыстырғанда рекордтық кезең болды.

Компанияның мәліметінше, 2020 жылдың 1 қаңтарынан 31 тамызына дейін қазақстандықтар «Орда» ипотекасы бойынша 7,5 млрд теңгеден астам сомаға 545 қарыз алған. Республика бойынша рәсімделген қарыздың ең жоғарғы сомасы 64 000 000 теңгені, ең төменгі – 3 500 000 теңгені құрайды. Қарыздың орташа сомасы-13 000 000 теңге. Бағдарлама бойынша орташа айлық төлем 161 907 теңгені құрайды. Бастапқы және қайталама нарықтағы тұрғын үйлерді сатып алуға берілетін қарыздар саны бойынша алдыңғы орында Нұр-сұлтан, Алматы және Қарағанды қалалар тұр.

«Жарты жылға жуық уақыт карантинде болғаннан кейін, көптеген адамдар өздерінің тұрғын үй жағдайларын жақсартуға шешім қабылдаған сияқты, мысалы, кеңдеу пәтер сатып алу немесе ата-анасынан бөлек тұру, Біз қажеттілігін, ең алдымен, оның қолайлы шарттарымен байланыстырамыз: кірісті ішінара растау мүмкіндігі, бастапқы ақшалай жарнаны қосымша кепілмен ауыстыру мүмкіндігі, аймақты таңдау бойынша шектеулердің болмауы және тұрғын үй құны. Бұның бәрі клиенттің өзіне қолайлы шарттарды анықтауға және болашақ ай сайынғы төлемнің мөлшерін реттеуге мүмкіндік береді», - деп толықтырды Мәжит Ғалымжанұлы.

«Орда» ипотекасы нарыққа 2018 жылдың қазан айында ұсынылды. Осы уақыт ішінде бүкіл Қазақстан бойынша 17 млрд теңгеден астам сомаға 1350 қарыз берілді.

183 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Ғалымдар Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде зерттеу жұмыстарын жүргізуде
Келесі мақала Қазақстандық университет үздік атанды

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *