Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 16 Қыркүйек, 2020

Президент  Төтенше жағдайлар министріне тапсырма берді

Президентке қайта құрылған министрліктің құрылымы, басқа мемлекеттік органдардан өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы кейбір функцияларды, мемлекеттік материалдық қорды беру үдерісі, сондай-ақ, Ішкі істер министрлігінің құрамына кірген әскери бөлімшелерді ауыстыру жұмыстары туралы баяндалды.

Юрий Ильин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа биылғы Қазақстан Республикасындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мемлекеттік қызметінің 25 жылдығы қарсаңында, аталған құрылымды қайта қалпына келтіргені үшін мекеме қызметкерлерінің атынан алғыс білдірді.

Мемлекет басшысына осы жылдың 8 айындағы төтенше жағдайлардың, табиғи және техногендік апаттардың, сондай-ақ, осындай жағдайларда қаза болғандар санының азайғаны туралы да ақпарат берілді.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жылыту маусымымен және қысқа дайындық жұмыстарын жүргізу, түрлі төтенше жағдайларды азайту, қар бұрқасындарына әзірлік, сондай-ақ, көктемгі тасқындар мен елді мекендерді су басу қаупінің алдын алу мәселелері бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

405 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз