Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Денсаулық
  • 16 Қыркүйек, 2020

Коронавирустан емделуге тиімді дәрілер тізімі

COVID-19-бен күресте қандай дәрі-дәрмек тиімділігін көрсетіп отыр? Коронавируспен ауырған жағдайда ілеспе патологиясы бар пациенттерді қараудың ерекшеліктері бар ма? Осы сауалдарға С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті ішкі аурулар кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты, Еуропалық кардиологтар қоғамы тромбозам және инсульт пен жүрек жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Ахметжан Сүгірәлиев жауап берді.

Оның мәліметінше, әлемдегі бүгінгі ахуалға шолу өзінің тиімділігін көрсеткен емдеу әдістеріне негізделіп отыр. Ең алдымен бұл - қан ұюға қарсы терапияны қолдану. Француз дәрігерлерінің мәліметтеріне сәйкес, амбуторлық амбулаторлық жағдайда қан ұюға қарсы терапияны қолдану науқасты ауруханаға жатқызу тәуекелін төмендетеді. Ал ауруханада алдын алу дозасын қолданған жағдайда аталған науқастардың қарқынды терапия бөлімшесіне ауыстырылу тәуекелін азайтып, тромбоэмболиялық асқынудың күрделі формасынан өлім-жітімді төмендетеді. Бұған қоса америкалық дәрігерлердің ауыр халдегі науқастарға қан ұюға қарсы терапияны қолдану өлім-жітімнің 18%-ға жуық төмендеуіне себеп болған.

«Дәрі-дәрмектің екінші тобы - стероидтық терапияны қолдану. Әрине, бұл – дексаметазон мен өзге де дәрі-дәрмектер. Оттекке тәуелді пациенттерге осы препараттарды қолдану өлім-жітімді төмендететіндігін көрсетіп отыр. Пациентке көмек бере алатын препараттардың үшінші тобы – антибиотиктер қолдану. Олар қайталама бактериялық инфекцияның болу белгілері зертханалық жағдайда анықталып, ауруханаға жатқызылған пациенттерге тағайындалады», - деп түсіндіреді медицина ғылымдарының кандидаты.

Сонымен қатар ол жанама аурулары бар COVID-19 жұқтырған науқастар жүрегінің зақымдануының алдын алу үшін колхицин препаратын қолдану мүмкіндігіне қатысты да айтып берді. Жалпы халықаралық сарапшылардың пайымынша, коронавирус кезінде жүрегі ауыратын немесе жүрегі зақымданған пациенттерге бұл препаратты қолдауға болады.

«Грекияда колхицинмен емдеу тәуір нәтиже көрсетіп отыр. Бірақ, зерттеу әлі аяқталған жоқ», - деді Ахметжан Сүгірәлиев.

Оның сөзіне қарағанда, салмағы шамадан тыс науқастар, қант диабетімен, артериалды гипертониямен, жүрек, өкпе ауруларымен ауыратын адамдар коронавирусты тез жұқтырып алуы мүмкін. Сонымен қатар олардың арасында өлім-жітім де жиі кездеседі.

«Коронавирустан көз жұмған пациенттер бойынша алғашқы үлкен зерттеуді Гамбургте жүргізді. Зерттеу барысында олар өлгендердің басым бөлігі созылмалы аурулары бар адамдар екендігін анықтады. Ерлер арасында да ауру ауыр формада өтетіндігі белгілі болды. Сонымен қатар жанама аурулары бар адамдарда да дерт өте ауыр өтеді. Егер адам ауру болса, онда кей жағдайда емдеу әдістерін өзгертуге тура келеді. Жүрегі ауыратын адам бұрын басқа дәріне қабылдап келсе, онда ол коронавирус жұқтырғаннан кейін өзге дәрілік препаратқа көшуі тиіс. Мұндай науқастарды COVID-19-ға шалдыққан кезде қарау ерекшеліктері бар», - деді кафедра меңгерушісі.

Оның түсіндіруінше, коронавируспен аурғандар өлімінің негізгі себептерінің бірі қан ұюының дамуы болуы отыр. Дегенмен қазіргі уақытта аталған қан ұюының алдын алудың және емдеудің халықаралық хаттамасы да бар.

«Санитарлық-эпидемиологиялық шаралардың жүргізуге қатысты айтар болсақ, барлығы да эпидемиологиялық ахуалға байланысты. Тіпті 6 адамнан артық жиналуға жол бермейтін Ұлыбритания сынды елдер де бар. Барлығы да аурудың таралуына байланысты болып отыр. Әзірше, жақсы зерттелген вакцина жоқ. Сондықтан алдын алу ерекшеліктері жайлы айту мүмкін емес. Сондықтан үлкен топ болып жиналмау керек. Маска тағып, далаға шығып келгеннен кейін қолды жақсылап жуу қажет», - деді Ахметжан Сүгірәлиев.



152 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Алматыда вакцина алу алгоритмі туралы айтылды
Келесі мақала Профессор Алмаз Шарман алматылықтарды санитарлық-эпидемиялық талаптарды сақтауға шақырды

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *