Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 16 Қыркүйек, 2020

Депутаттар Үкіметтен не сұрайды?

Карантиндік шектеулер кезінде жалдамалы жұмысшылар мен кәсіпкерлердің табысы азайды.

Осы орайда Мәжілістегі «Халық коммунистері» фракциясының бір топ депутаты Үкіметке сауал жолдап, кредиттік амнистия жариялауды сұрап отыр. Олардың айтуынша, шағын және орта бизнес нысандарының 30 проценті банкротқа ұшырауы мүмкін. Яғни жүздеген жұмысшы табыссыз қалады. Қоғамдық тамақтану саласының өндіріс көлемі 53, жеке сауда 45, көлік қызметі 37 процентке төмендеді. Қазір кәсіпкерлердің микрокредит бойынша берешегі 238 процентті құрап отыр. Ал жеке тұлғалар бұрыңғы несиесін жабу үшін жаңадан қарыз алуға мәжбүр. Дегенмен кредиттік амнистия жариялау туралы мәселеге халықтың пікірі әртүрлі. Сауал жолдаған депуттар қаржы бөлудің бірнеше жолын ұсынып отыр.

Айқын Қоңыров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

"Біздің елде қосымша кірісі бар азаматтар бар. Карантиндік шектеулердің салдарынан қоғамда осындай проблема туындады. Сондықтан қалталы адамдар қиын жағдайда қалған тұрғындарға көмек беруі керек. Той жасауға немесе телефон алуға несие рәсімдегендер туралы айтып отырған жоқпыз. Карантинге дейін жұмыс істеп, мемлекетке салық төлеп келгендер туралы мәселе қозғап отырмыз. Олар амалсыз осындай жағдайға тап болды. Ұсынысымыз бойынша, мемлекеттік апараттың әкімшілік шаруашылық шығындарын қысқарту керек. Сондай-ақ қосымша табысы бар азаматтар мен шетелдік компанияларға салықты көбейту керек"- деген ұсыныс білдірді.


199 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала ТМД Әуе қорғанысы күштерінің жаттығуы аяқталды
Келесі мақала OnlineMektep.org білім беру платформасы ZOOM жүйесімен интеграция жасады

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *