Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 17 Қыркүйек, 2020

Көкшетауда тіл жанашырлары марапатталды

Ақмола облысында тілдер онкүндігінің жабылуына орай өңірде тіл саясатын іске асыруда белсенділігімен көзге түскен ақмолалық тіл жанашырлары Алғыс хатпен марапатталды.

Шараға аймақ басшысы Ермек Маржықпаев қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Аймақ басшысы өз сөзінде шараның маңызына тоқтала келе, елімізді мекендеген барлық этностардың тілін, мәдениетін сақтап, дамытуға мол мүмкіндіктер қарастырылып отырғанын атап өтті. Сонымен қатар, елімізде тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы іске қосылғанына тоқталды.

«Бұл бағдарлама Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, ұлттық бірлікті нығайтудың маңызды тетігі ретінде мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуді көздейді, – деді Ермек Маржықпаев.

Шарада өңірдің қоғамдық өмірінде белсенділік танытып, тілдің дамуына сүбелі үлес қосып жүрген бірқатар тіл жанашырлары Ақмола облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.


inform.kz

 

124 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Түркістанда жыл соңына дейін 7 кәсіпорын іске қосылады
Келесі мақала Мақтааралда мақта терімі басталды

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *