Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 17 Қыркүйек, 2020

Бензин бағасы қымбаттады

Биылғы қаңтар-шілде айларында республикада мұнай өнімдерінің жалпы өндірісі 10,2 млн тоннаны құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 9%-ға аз. Дегенмен бензин өндірісі жыл басынан бері 2,9 млн тоннаны құрап, бір жыл ішінде 3,3%-ға артты, деп хабарлады energyprom.kz.

Тамыз айында бензин бағасы өткен жылдың тамызымен салыстырғанда 2,4% қымбаттады. Бағаның едәуір қымбаттауы Жамбыл (5,7%) және Алматы (4,3%) облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласында (4,2%) тіркелді. АИ-98 маркалы бензин бір жыл ішінде 2,6%, танымал АИ-92 бензині 2,5%, АИ-95/96 маркалы бензин 1,2% қымбаттады. Дизель, керісінше, сәл арзандады – 1,2%.


140 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Елімізде карантин туралы қаулыға өзгерістер енгізілді
Келесі мақала Шымкентте заңсыз ойынхана анықталды

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *