Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 17 Қыркүйек, 2020

Жасанды ұрықтандыру қанша теңге тұрады?

Елімізде жасанды ұрықтандыруға бөлінетін квота кезінде жасы 38 жастан асқан әйелдерге басымдық беру ұсынылды. Себебі бұл жаста ана атану мүмкіндігі қиындайды. Еске салайық, президент тапсырмасымен келер жылы жасанды ұрықтандыруға 7 мың квота бөлінеді. Ал аталмыш қызмет түрін көрсететін емханалардың жайы қандай?

Биыл елімізде жасанды ұрықтандыру жүргізуге мың квота бөлінген. Бірақ карантинге байланысты оның үштен бір бөлігі ғана іске асқан. Сондықтан аталмыш қызмет түрін көрсететін клиникалар қалған квоталарды жыл аяғына дейін пайдаланып, кезекте тұрған ерлі-зайыптыларға көмектесеуі тиіс. Карантин кезінде Қазақстанда жасанды ұрықтандырумен айналысатын клиникаларының кірісі 5 есе қысқарды. Бұған қарамастан, олар өз қызметтерінің бағасын көтермейді.

Қазақстанның репродуктивті медицина қауымдастығының президенті Вячеслав Локшин осындай орталықтардың қазіргі жағдайы туралы түсінік берді.

Оның айтуынша, клиникалар карантинге дейінгі көрсеткіштерге қол жеткізуге тырысуда. Бірақ ол үшін медициналық бұйымдардың 20 процентке қымбаттағанына қарамастан, қызметтерінің бағасын бірқалыпты ұстап тұруы тис. Сондай-ақ доллар бағамының өзгеруі жағдайды қиындатады. Бұған қоса, реактивтердің барлығы шетелден алынады. Қазіргі уақытта жасанды ұрықтандыруға дайындық барысында зертханалық талдау жасау ер адамдарға 80 мыңнан 100 мың теңгеге дейін тұрады. Ал процедураның өзі – 400-480 мың теңге. Толық тексеруден өту үшін ерлі-зайыптыларға бір миллион теңгеге дейін қаржы кетеді. Бала сүйюді армандаған әйелдер көбіне жасанды ұрықтандыруға бірнеше рет жүгінеді. Айта кетейік, егер емханалар бағаны ұстап тұра алмаса, аталмыш процедура күздің соңында қымбаттауы мүмкін.


166 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Шымкентте заңсыз ойынхана анықталды
Келесі мақала Сенатор қашықтан оқытуға қатысты депутаттық сауал жолдады

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *