Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Өзекті
  • 17 Қыркүйек, 2020

Демографиялық дамуы саясатының тұжырымдамасын әзірлеу қажет

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Ләззат Сүлеймен Стратегиялық жоспарлау және реформалау агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетовке депутаттық сауал жолдады. Онда сенатор ұлттық деңгейде де, өңірлік деңгейде де адами капиталдың саны мен сапасын бағалаудың заманауи мемлекеттік басқарудағы орны ерекше екеніне тоқтала келіп, демографиялық факторлар мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік дамуының негізгі құрамдас бөлігі екенін атап өтті. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі хабарлайды. 

«Соңғы онжылдықта Қазақстан халқының саны 2 миллион 400 мың адамға немесе 15,1%-ға өсті, негізінен оның табиғи өсімімен қамтамасыз етілді. Қазіргі уақытта ел экономикасы 1990 жылы туылған аз ұрпақтардың жұмыс жасына енуіне байланысты жағымсыз демографиялық өзгерістер кезеңінде екенін айта келіп, трансформация мемлекеттің даму жоспарларында ескерілуі қажет, деп есептейміз», - деді сенатор Л.Сүлеймен өзінің сауалында.

- Демографиялық өзгерістердің теріс салдарын еңсеруді алдын-ала стратегиялық жоспарлау және бұл мақсатқа қол жеткізіп демографиялық дивиденд алу үшін, мемлекет адам капиталына инвестициялардың деңгейі мен қайтарымын арттыруға бағытталған саясат жүргізу осы бағытта инвестицияларды ұлғайтқан кезде ғана қол жеткізіледі, - деді сенатор.

Ол үшін жастардың еңбек нарығына тартылуын ұлғайту, жұмыссыздық деңгейін барынша азайту; жастардың денсаулық, еңбек және репродуктивті құқықтары, әлеуметтік қолдау кепілдіктерін қамтамасыз етуге бағытталған, бала тууды қолдау саясаты болғанда, әйелдердің, оның ішінде жас балалары бар, көп балалы аналардың, ауыл халқының әлеуетін ашуға мүмкіндік жасау, қолданыстағы заңдарды біріздендіру, халыққа қолжетімділігін қамтамасыз ету керек екені айтылды.

Сенатор бұл қадамдар халықтың саны мен бөлінуін, оның ағымдағы және болжамды жас құрылымы мен өсу қарқынын түсіну қажет екеніне тоқталды. Сондықтан ішкі көші-қон ағындарын реттеу жөніндегі міндет, демографиялық даму, халықтың динамикасын болжау және оның орнықты дамуымен, репродуктивті денсаулығымен және құқықтарымен, гендерлік теңдікті күшейтумен, отбасы мен халықтың әлсіз топтарын қолдаумен байланысты мәселелерді бірыңғай мемлекеттік демографиялық саясат етіп жүйелеу қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар еліміздің демографиялық дамуы (демографиялық қауіпсіздік) саясатының 2020-2030 жылдарға арналған бағдарламасын/тұжырымдамасын әзірлеу қажет екенін айтты.

 

154 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Жасанды ұрықтандыру қанша теңге тұрады?
Келесі мақала Министр мәлімдеме жасады

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *