Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 17 Қыркүйек, 2020

Ақтауда күзгі маусымда 320 ағаш отырғызу жоспарланып отыр

Ақтауда күзгі маусымда 320 ағаш отырғызу жоспарланып отыр. Көшет отырғызылатын аумақтың жалпы көлемі 960 метрді құрайды. Көшеттің 160 мыңы жапырақты және 160 қылқан жапырақты, - деп хабарлайды Маңғыстау облысы қоғамдық коммуникация Орталығы.

 Жалпы, көшеттер көктемде және күзде отырғызылады. Күзде отырғызу суық ауа райының басталуынан 15-20 күн бұрын аяқталуы керек. Ақтауда ағаш отырғызу ағымдағы жылдың қыркүйек айының ортасынан қарашаның ортасына дейін жүзеге асырылады.

Бұдан бөлек, алдағы уақытта 7 мың шаршы метр көгал егу де жоспарда тұр.

Жалпы Ақтауда 67 мыңға жуық ағаш бар. 2019 жылдар аралығында қала аумағында 1 150 дана ағаш, 3000 дана раушан гүлдер, 12 000 дана бұталар, 218 000 дана бір жылдық гүл отырғызылды. Қалаға осы жылы тек 5 мың шаршы метр көгал егілді, орталық көшелерге бір жылдық гүлдер мен раушан гүлдері отырғызылды.

Биыл жаңадан суару құбырлары шағынаудан периметрлеріне, саябақтарға, скверлер және әуежай жолына орнатылып бастады. Гүл мен газон егілген жерлерге спринклерлық, яғни жаңбырша шашыратып суару әдісі қосылды.

Бүгінгі таңда абаттандыру жұмыстары жалғасуда.

«Шашырата суару әдісі бойынша жасалған құбырларды тексеру жұмыстары жүруде. Жарылған жерлері жасалып, қала аумағында құбыр жоқ жерлерге жаңасы орнатылады. Жоспар бойынша жол жиектеріне орнатуды көздеп отырмыз»,-деді «Қала жолдары» ЖШС басшысы Ғалымжан Серікбаев.

184 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы спорт кешені салынады
Келесі мақала Ордабасы ауданы 11 мың тоннадан астам ет өндірді

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *