Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 17 Қыркүйек, 2020

Министр мәлімдеме жасады

Елімізде сатылған екі көліктің бірі - отандық өнім. Қазақстан машина жасаушыларының VIII Форумында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов осылай деп мәлімдеді.

Оның сөзінше, елімізде автокөлік жасау саласы қарқынды дамып келеді. Аталған секторда 10 жылда өндіріс көлемі 25 есе, инвестиция көлемі 14 есе артқан. Министр мұны тамаша көрсеткіш деп бағалады.

Айта кетейік, биылғы жылдың сегіз айында елімізде 45 мың автокөлік құрастырылған, оның жалпы сомасы 341,2 млрд теңгені құрайды. Жыл басынан бері өндіріс көлемі 51%-ға өскен.

Қазақстан экспортқа өнім шығарудан да артта қалған жоқ. 2020 жылдың қаңтар-тамыз айларында Ресей, Беларусь, Өзбекстанға 4,7 мың көлік сатылған.

141 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Оқушылар мен студенттер арасында Әл-Фараби туралы үздік эссе байқауы өткізіледі
Келесі мақала 2024 жылы ақылы болатын жолдар тізімі жарияланды

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *