Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 17 Қыркүйек, 2020

2024 жылы ақылы болатын жолдар тізімі жарияланды

«ҚазАвтоЖол» басшысы Ұлан Әліпов 2024 жылдың аяғына қарай елдегі 11 мың шақырым жол, яғни республикалық маңызы бар тас жолдың жартысы ақылы болатынын хабарлады. Жаңа ақылы жолдарға шлагбаум қойылмайды. Оның орнына ашық төлем қабылдау жүйесі қолданылады. Ал жүргізушілер RFID таңбаларын сатып алуы қажет.

2021 жылы мына жол бөліктері ақылы болады:

Орал — Ресей шекарасы (Саратов);
Қапшағай — Талдықорған;
Тараз — Қайнар;
Қызылорда — Шымкент — Тараз;
Шымкент — Өзбекстан шекарасы;
Ресей шекарасы (Орынбор) — Ақтөбе — Қызылорда;
Ақтөбе — Орал — Ресей шекарасы (Самара);
Павлодар — Ресей шекарасы (Омбы);
Нұр-Сұлтан — Қостанай — Ресей шекарасы (Троицк);
Ақтау — Бейнеу;
Атырау — Доссор — Бейнеу — Ақжігіт — Өзбекстан шекарасы;
Нұр-Сұлтан — Павлодар;
Павлодар — Семей — Қалбатау.

2022 жылы:
Петропавл — Ресей шекарасы (Курган);
Теміртау — Қарағанды (Қарағанды айналма жолы);
Щучинск — Зеренді;
Таскескен — Бақты;
Жетібай — Жаңаөзен.

2023 жылы:
Күрті — Бурылбайтал;
Үшарал — Достық;
Қарабұтақ — Рудный — Қостанай;
Ұзынағаш — Отар.

2024 жылы:
Қарағанды — Балқаш;
Балқаш — Бурылбайтал;
Күрті — Қапшағай;
Талдықорған — Өскемен;
Қалбатау — Майқапшағай;
Меркі — Бурылбайтал;
Атырау — Орал;
Ақтөбе — Қандыағаш — Мақат — Доссор;
Атырау — Ресей шекарасы (Астрахань);
Подстепное — Фёдоровка — Ресей шекарасы.

164 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Министр мәлімдеме жасады
Келесі мақала Декретке миллионмен шығуға бола ма?

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *