Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 17 Қыркүйек, 2020

Декретке миллионмен шығуға бола ма?

Декреттік төлемдер деп  босануға дейінгі, босанудан кейінгі және бір жасқа дейінгі жәрдемақыны айтады.

Босанудан кейінгі пұл немесе сүйінші пұл деп аталатын баланың тууына байланысты берілетін жәрдемақы тұрақты болып келеді.

Осы жерде жұмыс істейтін әйелдер босануға дейінгі жәрдемақыны қалай алады? Және қайдан келеді?

Оның себебі, сіз үшін жұмыс берушіңіз әлеуметтік сақтандыру қорына аударым жасайды. Яғни әлеуметтік сақтандыру қорына ақша төленеді. Қарапайым тілмен айтқанда, сіз көлігіңізді сақтандырасыз, сәйкесінше көлігіңіз апатқа ұшырайтын болса, сақтандыру компаниясы өтемақы қайтарады.

Дәл сол сияқты жұмыс істеу кезінде әлеуметтік сақтандыру қорына ақша төлеп отырсаңыз, жұмысқа қабілетсіз болған кезде сізге сақтандыру қоры ақша береді. 7 айдан кейін жұмыс істеу сіздің және балаңыздың өміріне қауіпті болғандықтан, сақтандыру қоры ақша бөледі. Сондықтан босануға дейінгі жәрдемақы зейнетақыдан есептеледі  деп қате түсінуге болмайды. Босануға дейінгі жәрдемақы әлеуметтік сақтандыру қорынан есептеледі.

Карантин кезінде  осы қордан халыққа  42500 теңге берілді.

Егер сізде тұрақты ресми жұмыс орны жоқ болса, онда жеке кәсіпкер ретінде тіркелу керек болады.

Жеке кəсіпкер болып тіркелгеннен кейін салық режимін таңдайсыз. Оның үш түрі бар:

1) жалпыға бірдей салық режимі (табыс салығы - 10%, оның есебі əр тоқсан сайын тапсырылады);

2) оңайлатылған салық режимі (табыс салығы - 1,5%. Салық есебі жарты жыл сайын тапсырылады);

3) патент негізінде (табыс салығы - 1%. Салық есебін алдын ала кемінде 1 айға, максимум жылдың соңына дейін тапсырып қоюға болады. Мысалы, сіз бүгін патент негізіндегі жеке кәсіпкер болып тіркелсеңіз, жылдың соңына дейінгі салығыңыз бен аударымдарды төлеп қоюға болады).

Таңдаған режиміне қарай 1% пен 3% аралығында табыс салығы төленуі керек. Тек әлеуметтік сақтандыру қорына төлем жасап, табыс салығын төлемеу заңға қайшы. Декретке шығар кезде, құжаттар өткізгенде ол тексеріледі. Сондықтан бəрін заңды түрде орындау қажет.

Орташа есеппен алғанда былай:

Патент1% (табыс салығы) – 2 970 теңге. Зейнетақы қоры 10% – 29 700 теңге. Әлеуметтік төлем 3,5 % – 10 395 теңге. Оған қоса  медициналық сақтандыру төлейсіз.

Бұл ай сайынғы шығын.

11 ай салсаңыз: босанғанға дейінгі жəрдемақы 1 029 105 теңге.

Шығын - 473220 теңге. Босануға дейінгі жəрдемақыны есептеу формуласы: соңғы 12 айдың табысы 12×4,2-10%. Міне, осылайша декретке миллионмен шығуға болады.

Назгүл Бопанаева

заңгер

 

373 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала 2024 жылы ақылы болатын жолдар тізімі жарияланды
Келесі мақала Қыргүйек пе , қыркүйек пе?

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *