Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Біле жүріңіз
  • 17 Қыркүйек, 2020

Кедейліктен құтылудың жолдары

Барлық адам молшылықта  өмір сүргісі келеді.
Бірақ қазір жоқшылық құрсауында өмір сүріп жатқандар көп.
Кедейліктен құтылу жолдары бар ма?
Кез келгеніміздің ауқатты өмір сүруге мүмкіндігіміз бар.
Ол үшін ең алдымен:
Ниет пен ой таза болуы керек.
Қолыңда бармен бөлісіп, қиналған жанға қол, ой көмегін тіпті аз болса да ақшалай көмектесіп жүрсең, табысың еселене түседі. 
 
Өн-бойың, үйің таза болуы керек.
Лас, кір жерде өмір сүру - кедейлікте өмір сүру деген сөз.
Еңбектенуден қашпау керек. Ешқашан мынаны біреу кеп маған жасап береді деген ой мен жалқаулыққа жол бермеген адам - ешқашан кедейлік қамытын кимейді.
Бұл жәй құрғақ ақыл десеңіз, кедейлік себебін көп зерттеген, арнайы кітап жазған бизнес тренер, лектор  Наталья Грэйстің "Законы Грэйс" деген кітабын оқып көріңіздер.
Грэйстің мысалдары ойлантады.
Ол кедейліктің 4 себебі бар дейді:
1. Менталитет - кедейлік пен ластықты көріп өскен адам соған ұрынады.
 2. Ұсақтық -игілікті өзіңе де қимай тіртнектеп өмір сүру
 3. Золушка комплексі - ғұмыр бойы ішпей-жемей бірнәрсеге ақша жинау.Балаларды қуантпай, ешнәрсе сатып алып бермей өлермендікпен өмір сүрудің ақыры кедейліктен шығармайды.
 4. Сананың бағдарлануы - кедейліктен арылу мүмкін емес деп түпсанаға бекітіп қою арқылы өз мүмкіндігіңді пайдаланбау да кедейліктің уысынан шығармайды адамды.
"Байлық - ақылдың күйі" деген сөз бар.
Ендеше кедейлік те ақылдың күйі." дейді  автор.

252 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Декретке миллионмен шығуға бола ма?
Келесі мақала Алматы полициясы күшейтілген режимге ауысты

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *