Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 17 Қыркүйек, 2020

Таеквондодан Қазақстан чемпионаты өтпеуі мүмкін

Таеквондодан Қазақстан командасы карантиннен кейінгі жаттығу жиындарын өткізуде. Құраманың аға жаттықтырушысы Батырбек Есдәулетов спортшылардың  үзілістен кейінгі жалпы дайындығына тоқталды.

- Ұлттық құрама спортшылары 5 қазанға дейін жаттығады. Кейін он күн демалыс алып, жиынды 14 қазанда қайта жалғастырамыз. Спортшылардың қазіргі жағдайы қанағаттанарлық. Карантин өз әсерін тигізді, әрине. Үй жағдайында дайындалу мен жаттығу жиынына қатысудың арасы жер мен көктей.

Сондықтан, бұл жиында жалпы дене жаттығуына көңіл бөліп, спортшыларды қалпына келтіруге тырысудамыз. Команда мүшелері де мұндай дайындық кезеңін сағынып қалғандарын айтады. Өкінішке қарай, халықаралық жарыс күнтізбесіне байланысты қандай да бір өзгеріс жоқ. Біздің болжам бойынша, жаңа жылға дейін әлемдік турнирлер өткізілмеуі мүмкін. Сондай-ақ, Қазақстан біріншілігінің де өту-өтпеуі белгісіз. Елімізде жарыс ұйымдастыру үшін көптеген талаптарды сақтау қажет болады. Сондықтан, турнирлерге қатысты нақты ештеңе айта алмаймыз, - дейді ол. 

175 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Рыбакина келесі айналымға өтті
Келесі мақала "Қайрат" Еуропа лигасынан шығып қалды

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *