Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 17 Қыркүйек, 2020

ӘБІЛФАЙЫЗ ЫДЫРЫСОВТЫҢ ТУҒАНЫНА 90 ЖЫЛ

Журналист, ұстаз, ғалым, жазушы Әбілфайыз Ыдырысовтың туғанына 90 жыл толып отыр. Осыған орай қаламгер білім алған, қызмет еткен қарашаңырақ – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бірқатар іс-шара өткізбек. Салтанатты шара Әбілфайыз Ыдырысов пен оның шәкірттерінің шығармашылығына арналған көрмемен басталмақ. Журналистика факультетінен Ә.Ыдырысов атындағы оқу-өндірістік дәрісхана ашылмақ. Одан кейін «Бұқаралық ақпарат құралдарын және баспа өнімдерін безендіру өнерінің қазіргі мәселелері» деген тақырыпта ғылыми-тәжірибелік конференция өтпек. Қазіргі жағдайға байланысты коонференция онлайн режимде өтеді.

Шараға ғалымның ұрпақтары, Қазақстанның Ұлыбританиядағы Төтенше және өкілетті елшісі Ерлан Ыдырысов пен қызы Құралай Ыдырысова келіп қатысады. Белгілі тележурналист Нұртілеу Иманғалиұлы, жазушы, баспагер, журналист Ырым Кененбаев, ақын Бауыржан Жақып бастаған бір топ адам оффлайн қатысады. Конференцияны журналистика факультетінің деканы Сағатбек Медеубекұлы жүргізеді.

Онлайн жиынға профессор Сағымбай Қозыбаев, Парламент депутаты, журналист Сауытбек Абдрахманов, жазушы Тұрсын Жұртбай, жазушы-публицист Марат Тоқашбаев, жазушы-драматург Роза Мұқанова бастаған бір топ қаламгер қосылады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қолдауымен Ыдырысовтар отбасы Әбілфайыз Ыдырысов атындағы стипендия тағайындап отыр. Шәкіртақыны тағайындаудағы мақсат – журналистика факультеті студенттерінің, магистранттарының және докторанттарының оқудағы, ғылымдағы және журналистика мен дизайн саласындағы шығармашылық ізденістеріне қолдау көрсету, сонымен бірге осы факультетте ұзақ жыл қызмет еткен ұстаздың есімін ұрпақ есінде қалдыру.

Әбілфайыз Ыдырысов – Қостанай өңірінің тумасы. 1953 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын қазіргі «Ұлан» газетінен бастаған. Қазіргі «Жас Алаш» газетінде, республикалық радио комитетінде қызмет атқарған. 1965 жылдан бастап университетте сабақ берген. Бірқатар повестің, эссе жинағының романның авторы.

211 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Нұртөре Жүсіп Премьер-Министрге кітапқа қатысты Ұлттық бағдарлама қабылдауды ұсынды
Келесі мақала Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияның премьер-министрін Қазақстанға шақырды

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *