Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 18 Қыркүйек, 2020

"Қайрат" Еуропа лигасынан шығып қалды

Еуропа лигасының екінші квалификациялық раундында алматылық "Қайрат" израильдік "Маккабиден" (Хайфа) жеңіліп қалды.

Командалар Хайкада кездесті. Матчтағы есепті алғаш болып алаң иелері ашты. 31-минутта "Маккаби" ойыншысы Юваль Ашкенази айып добынан дөп тиіп, гол соқты.

 

Бірінші таймның 45-минутында Вангер Лав гол салып, есепті теңестірді. Оған Гафуржан Сүйімбаев пас берді.

"Маккабидің" жеңіс голын 72-минутта Никита Рукавица салды.

79-минутта Вагнер Лав екінші голын соғып еді, бірақ офсайд болды деп оны есепке алмады. Нәтижесінде таблодағы есеп өзгермеді және "Қайрат" турнирден "ұшып" кетті.

 

76 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Таеквондодан Қазақстан чемпионаты өтпеуі мүмкін
Келесі мақала «Астана» футбол клубына айыппұл салынды

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *