Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Денсаулық
  • 18 Қыркүйек, 2020

Ауруханадағы науқастар қандай тамақ жеп жүр?

Дұрыс тамақтану – адамның жасы, аурушаңдылықтары, дене белсенділігі, жұмысбастылығы, қоршаған ортасы туралы деректерді негізге ала отырып, оның теңгерімділігін қамтамасыз ете отырып, адамның энергетикалық құндылықтарға, пайдалы қоректік заттектерге (ағуыздарға, майларға, көміртектерге, дәрумендерге, минералдарға, микроэлементтерге, басқа да пайдалы заттектерге) деген физиологиялық қажеттілігін ескере отырып тамақтану ұйымдастырылу қажет.

Науқастарды тегін сапалы тамақпен қамтуларын, азық түліктердің алу жолдары мен бөлінген қаражаттардың орынсыз жұмсалмауына жол бермеу мақсатында ағымдағы жылдың қыркүйек айында «Атырау адалдық алаңы» жобалық кеңсесі Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасына қарасты облыстық балалар ауруханасы, облыстық тері және венерологиялық диспансерге және облыстық кардиология ауруханасына қоғамдық бақылау жүргізді.

Облыстық балалар ауруханасы бойынша : Аурухананың бас дәрігерінің айтуынша 9 ай есебінде тамаққа жұмсалған ақша 17 000 000 теңге, жылдың аяғына қаражатты жетпеген соң 4 000 000 қосымша ақша сұратылғанын және науқастың күндік шығыны 410-415 теңгеден келетінін айтты.

Балалар мен жасөспірімдердің тамақтану рационында витаминді-минералды кешенмен байытылған тағам өнімдері көзделген, ауруханада бұл жұмыстар өз деңгейінде жүргізуді қолға алмаған.

Ем дәм мейірбикесінің жасаған ас мәзірінде осы талаптар өрескел бұзып, бір жұма бойы 3 жастан жоғары балаларға және ата-аналарға қара шай сүтпен қанытпен, қара шай қантсыз, қара шай сүтсіз, 11 қыркүйек сұлы жарма ботқасын кешкі асқа, 14 қыркүйек таңғы асқа берілген. Сонымен қатар 11.09.2020 жылы 111-балалар, 29-ата-аналарға шағып жасаған мәзірлік талабы кестесін ұсынды, бақылау бойынша 2,564 кг сары май жазылып шығарылған, ал сол күнгі ас мәзірінде асқа қосты ма әлде нанға жағып берілді ме жазылмаған .

Ал ем дәм мейірбике Р.Исакулова тамақтану рационында витаминді-минералды кешенмен байытылған тағам өнімдерін ас мәзіріне қоймағаны және өздерінің айтуларына қарағанда 2-3 ай болды кейбір дәрумедері бар тамақтардың берілмегені анықталды. Мысалы: Сары май, жеміс шырындары, кептірілген жемістер кампоты, жаңа өңделген жеміс жидектер,кисель, балық еттері, айран, сүзбе тағы басқалар.

Облыстық тері және венерологиялық диспансердің санитариялық талаптарға сай келмеуі анықталды.

Атап айтқанда, асхана жабдықтарының күтіп-ұстау және пайдалану өте төмен. Мысалы сол күнгі кешкі асты дайындап жатқан қазанының ластығы мен сыртқы көркі, тұтыну қалдықтарын жинауға және сақтауға арналған ыдыстардың болмауы.

Диспанцерде екі аптаға арналған перспективті маусымдық (жаз-күз, қыс-көктем) ас мәзірі мен апталық ас мәзірі жасақталмаған.

Ас мәзірі болмаса да кешкі астың не екенін аспазшыдан білдік, әрине ас мәзірі болмағандықтан аспазшы да бір адамға шаққандағы ет, күріш,сүт мөлшерін білмеді. Кешкі ас күріш пен ет қосылған палау. Аспазшы дайындап қуырып қойған етінің мөлшері 0,5 кг және 1 кг 300 г күріш болды. Бір адамға 40 гр еттен дегенде 32 адамға 1кг 280 гр ет болу керек. Алайда ережеде көрсетілген ет мөлшері сақталмаған. Бауырсақ пісіріліп табаққа салып терезе алдына қойған беті жабылмаған.

Мониторинг нәтижесінде жобалық кеңсемен тиісті ұсыныстар жолданып, Денсаулық сақтау басқармасына бағынышты мекемелер бақылауға алынды.

142 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Профессор Алмаз Шарман алматылықтарды санитарлық-эпидемиялық талаптарды сақтауға шақырды
Келесі мақала Ресей тағы бір вакцинасын сынақтан өткізді

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *