Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 18 Қыркүйек, 2020

Ордабасы ауданы 11 мың тоннадан астам ет өндірді

Түркістан облысы Ордабасы ауданында үстіміздегі жылдың 7 айының қорытындысы бойынша ірі қара малдың саны 74 мың, қой мен ешкі 432,1 мың, жылқы 25,6 мың, түйе 740 мың, құс 432,1 мың басқа жеткен. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды. 
Осы аралықта жалпы ауданда 11 365,2 тонна ет өндірілген. Оның 5944,7 тоннасы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына, 339,3 тоннасы дара кәсіпкерлер және шаруа немесе фермер қожалықтарына, 5 211,1 тоннасы жұртшылық шаруашылықтарына тиесілі.
Айта кетейік, бүгінде аудан көлемінде 355 мал бордақылау алаңы жұмыс істеп келеді. Оның 76-сы биылғы жылы іске қосылған.

157 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Ақтауда күзгі маусымда 320 ағаш отырғызу жоспарланып отыр
Келесі мақала Әкім Мойынқұм ауданында із-түзсіз жоғалған баланы тапқан азаматты марапаттады

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *