Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 18 Қыркүйек, 2020

Елімізде темекі қымбаттайды

Елімізде темекі өнімдерін сатудың жаңа шарттары 1 қазаннан бастап күшіне енеді. Осыған байланысты темекі белгіленген мерзімінен бұрын қымбаттайды.

Жаңа таңбалау жүйесіне байланысты темекі өнімдері алты пайызға қымбаттайды. Егер қазір бір қорап темекі орташа есеппен 440 теңге болса, 1 қазаннан бастап 470 теңге болады.

Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері цифрлық таңбалау тауардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететінін, сондай-ақ контрафактінің қазақстандық нарыққа енуіне жол бермейтінін атап өтті. 

Сондай-ақ, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап бір қорап темекі орташа есеппен 500 теңге, тағы жарты жылдан кейін — 520 теңге болады. Ал 2023 жылға қарай — 600 теңге. Бұл таңбалаумен емес, акциздік ставканың өсуімен байланысты.

354 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз