Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 18 Қыркүйек, 2020

Әкім Мойынқұм ауданында із-түзсіз жоғалған баланы тапқан азаматты марапаттады

17 қыркүйек күні Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Шу мен Меркі аудандары аумағында жүріп жатқан «Қарасора - 2020» жедел алдын алу шарасының барысымен танысты, - деп хабарлайды Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Соңғы екі күнде облыс тұрғындары ғана емес, бүкіл Қазақстан болып Мойынқұм ауданында жоғалған жеті жасар баланы іздестіру шараларына барынша алаңдаушылық танытқаны белгілі. Жоғалған бала Мойынқұм ауылының тұрғыны, ішкі істер органдарының ардагері Ермұрат Спановтың көмегімен табылды.

-  Полиция департаменті іздестіру шараларын ауқымды түрде ұйымдастыра білді. Барша Қазақстан болып жоғалған баланы тағдырына алаңдаған еді. Сізге үлкен рахмет, - деп облыс әкімі алғыс білдіріп, қол сағат сыйлады.

Сонымен қатар, облыс әкімі «Үздік учаскелік полиция инспекторы» және «Үздік учаскелік полиция бекеті» облыстық конкурстарының жеңімпаздарын марапаттап,  Сарысу аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Руслан Мұсаевқа және Қордай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Саят Сүлейменге «Нива» жаңа қызметтік автокөліктерін табыстады. Өңір басшысы барлығы 12 автокөліктің кілтің тапсырды десек, оған ие болғандардың қатарында   "Дельта Долина" есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі ауданаралық бөлімінің ұжымы да бар. Ағымдағы жылы полиция автопаркі 100 жаңа автокөлікпен толықты.Шараға облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров, ҰҚКД басшысы Марат Ирменов, Полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов қатысты.

 

 

 

203 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Ордабасы ауданы 11 мың тоннадан астам ет өндірді
Келесі мақала Қарағанды облысында карантин жеңілдетілді

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *