Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 18 Қыркүйек, 2020

"Алматы. Шығарылған таспа" атты көше фотографтарының көрмесі өтеді

Алматыда көше фотографтарының «Алматы. Шығарылған таспа» атты көрмесі өтеді.

Алматы қаласының әкімдігі және «Еуразиялық Мәдени Альянс» ҚБ бірлесіп алматылық көше фотографтары Алим Хайдаров пен Бауыржан Сәбитовтің көрме-диалогын ұсынады

. Көрменің кураторы, философ Ольга Веселованың айтуынша, кадрларда фотографтар қала өмірін әр қырынан көрсетеді. Шеберлердің шығармаларында жалпы сюжет қана емес, сонымен бірге туған қаласына деген үлкен сүйіспеншілік көрсетіледі.

«Алим Хайдаров бүкіл өмірін селдің алдын алуға және зерттеуге арнады. Бұл жұмыс Алматы үшін Іле Алатауы тауларына жақын орналасқандықтан өте маңызды. Кәсіби қызметімен қатар, Алим Хайдаровты өзінің туған жері Алматының тіршілігі де аса қызықтырды. Бұл геологтың фотомұрағатында қамтылған. Верныйдың ағаш аулаларының тарихы, бізге бұрыннан таныс Алматының романтикалық құрылысы, қазір мегаполистің көшесіне айналған қаңырап жатқан дала. Бұл сюжеттер Алим Хайдаровтың фотографиялық әсерлерімен баяндалады»,– деді Ольга Веселова.

 

149 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала «Көше саудасы - 1000 орын» бағдарламасы бойынша елордада 1700 жұмыс орны құрылды
Келесі мақала Бағдат Мусин: eGov Mobile мүмкіндіктерін кеңейту қажет

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *