Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 18 Қыркүйек, 2020

Алексей Цой Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілімен кездесті

Бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету жөніндегі географиялық қашықтықтағы кеңсесінің басшысы Мелитта Якабпен кездесті. Бұл жөнінде ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы ДДСҰ талаптарына сәйкес келетін БМСК-да ГДО-ға жұмыс істеуге ұлттық кадрлар қатарын көбейтуді қолдады. Сондай-ақ, денсаулық сақтау министрлігі мен кеңсе арасындағы серіктестікті арттыру жайы талқыланды. Әсіресе, еуропалық аймақтағы, оған қоса Қазақстандағы медициналық қызметкерлер үшін «МСАК» бойынша біліктілікті арттыру курстарын ұсыну айтылды. Бұдан бөлек, GDO-ны БМСК-дегі ең жақсы әлемдік тәжірибеге айналдыру тақырыбы қозғалды.

Атап айтқанда, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының барлық 6 аймағымен жұмыс жасау үшін кеңсеге белгілі бір жаһандық функцияларды Қазақстанға әлемдік деңгейде жүзеге асырылған МСАК жөніндегі Астана декларациясын ілгерілету жұмысына сәйкес беру.

А.Цой Қазақстан Еуропа өңірлік комитетінің 70-сессиясында жарияланған 2020-2025 жылдарға арналған «Еуропалықтардың денсаулығын жақсарту жөніндегі бірлескен іс-қимылдар» еуропалық жұмыс бағдарламасын әзірлеу мен қабылдауды толық қолдайды деп сендірді.

Кездесу соңында ҚР Денсаулық сақтау министрі бірлескен жұмыстың арқасында кеңсе қызметін күшейтуге болатынына сенім білдірді. Әсіресе, еуропалық аймақтағы алғашқы медициналық-санитарлық көмектің дамуын үнемі қадағалай отырып, ДДСҰ-ның Еуропадағы аймақтық бюросы деңгейінде алғашқы медициналық-санитарлық көмектің дамуына баса назар аударуына екпін түсірді.

Сондай-ақ, бастапқы деңгейде одан әрі жұмыс істеу үшін ұсыныстар әзірленетіні баяндалды. А.Цой мен М.Якаб осы және басқа мәселелерді айына 1-2 рет желіде талқылауға келісті.

 

 

135 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Сенат заң жобасын Мәжіліске қайтарды
Келесі мақала Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық туристік хабтың таныстырылымына қатысты

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *