Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 19 Қыркүйек, 2020

Қазақстан - Ресей әуе қатынасы ашылады

Екі мемлекеттің уәкілетті құрылымдарының шешіміне сәйкес 2020 жылғы 21 қыркүйектен бастап Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе рейстері қайта ашылады.
Рейстер өзара негізде аптасына бір рет жиілікпен орындалады.
Рейстер және билеттерді сату Қазақстан мен Ресей белгілеген санитарлық қауіпсіздік шаралары күшейтілген жағдайда, шектеулер алынынып және эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына қарай әуе компаниялардың сайттарында жарияланған кестеге сәйкес жүзеге асырылатын болады.
Сондай-ақ, Ресей тарапы Қырғызстан және Беларусь Республикаларымен халықаралық әуе қатынасын қалпына келтіру туралы шешім қабылдады.

296 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз