Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 20 Қыркүйек, 2020

Асхат Аймағамбетов: Ұстаздық мамандықты таңдаған түлектердің  үлесі 2 есе өсті

Елімізде мектеп бітірген түлектердің арасында педагогика мамандығын таңдаушы түлектердің саны артқан. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов хабарлады.

Асхат Аймағамбетов Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшелерімен кездесті.

–Өздеріңіз білетіндей Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес педагогтардың мәртебесі туралы заң қабылданды. Заңға қатысты сын пікірлер де көп болды. Дегенмен заң аясындағы жұмыстар басталып кетті. Атап айтсақ, биылғы ҰБТ (Ұлттық бірыңғай тестілеу) нәтижесінде педагогика мамандығын таңдаған түлектердің саны артып отыр. Сол сияқты педагог мамандықтары бойынша ҰБТ нәтижесінің орташа көрсеткіші өсті. Бұған дейін педагог мамандықтарына 50 балмен түсу мүмкін болса, биыл ол көрсеткіш 70 балды құрап отыр. Сондай-ақ, мектепті Алтын белгімен бітіріп, ұстаздық мамандықты таңдаған түлектердің де үлесі 2 есеге өсті. Бұл дегеніміз педагогика мамандығына деген қызығушылық пен сұраныстың барын көрсетеді», - деді Асхат Аймағамбетов Президенттік жастар кадрлық резерві мүшелерімен кездесу барысында.

inform.kz  

260 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз