Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 21 Қыркүйек, 2020

Германия халқы карантиннің талаптарына қарсы ереуілге шықты

Германияның Дюссельдорф қаласында да ереуіл, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісіне сілтеме жасаған Kazgazeta.kz.

Жергілікті жұрт карантиннің талаптарына қарсылығын білдіріп, биліктің назарын аймақтағы өзге де өзекті мәселелерге аударуын талап етуде. Ашуға бой бергендер коронавирус індетін жоққа шығарып, шектеу шараларына қарсы ұрандатты. Десе де жұрттың бәрі маска тағып шыққан. Полиция өкілдерінің хабарлауынша, шара тыныш өтті.

Айта кетейік, қыркүйектің 19-күні елде 2 мыңнан астам жаңа науқас тіркелген екен. Бұл сәуір айынан бері рекордтық көрсеткіш. Мамандар науқастардың басым бөлігі жастар екенін ескертеді. Сонымен қатар дәрігерлердің көмегіне жүгініп, ауруханаға жатқандардың да қарасы қалың.


440 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз