Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 21 Қыркүйек, 2020

ДДСҰ коронавирусты шөппен емдеуге келісім берді

 
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы африкалық шөптерден жасалған дәрілік заттардың ІІІ фазалық клиникалық зерттеулерінің хаттамасын COVID-19 емдеу әдісі ретінде мақұлдады. Бұл туралы ұйымның ресми сайты хабарлады. 
Безгекке қарсы тиімділігі дәлелденген емдік сусын жусаннан жасалған. Қазіргі уақытта бұл сусын Мадагаскарда, сондай-ақ Африканың бірнеше елінде COVID-Organics немесе CVO деген атпен кеңінен қолданылады. ДДСҰ клиникалық зерттеулер жүргізу үшін деректер мен қауіпсіздік мониторингі комиссиясын құру үшін сынақ хаттамасын, жарғысын және техникалық тапсырманы мақұлдады. «ІІІ фазалық клиникалық зерттеулер жаңа медициналық өнімнің қауіпсіздігі мен тиімділігін толық бағалау үшін өте маңызды», - делінген хабарламада. Егер дәстүрлі медицина өнімі қауіпсіз, тиімді және кепілдендірілген сапаға ие болса, ДДСҰ оны кең ауқымдағы өндіріске ұсынады.

                                                                                               24.kz

120 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Коронавирус жұқтырғандар ең көп тіркелген үш ел аталды
Келесі мақала Ливанда қазақстандық бітімгер марапатталды

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *