Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 21 Қыркүйек, 2020

Қазақстанның бірнеше өңірінде жел күшейеді

Ертең Қазақстанның бірнеше өңірінде жел күшейіп, найзағай ойнайды, - деп хабарлайды Kazgazeta.kz "Қазгидромет" өкілдеріне сілтеме жасап.

Cиноптиктердің мәліметінше, ертең, 22 қыркүйекте Батыс-Қазақстан облысының кей жерінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с.

 

Ақмола облысында кей жерде тұман күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Қызылорда облысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с сақталады. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қарағанды облысының кей жерінде онтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерінде күші 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі.

Қарағандыда онтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі.

Петропавлда 22 қыркүйекте оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

 

 

268 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз