Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 22 Қыркүйек, 2020

Ливанда қазақстандық бітімгер марапатталды

Ағымдағы жылдың тамыз айындағы қорытындылау кезінде Үнді бітімгерлік батальонының командирі Ливан Республикасындағы қазақстандық бітімгерлердің қызметіне оң баға берді.

Жауынгерлік және бітімгершілік даярлық бойынша үздік көрсеткіштері, жоғары әскери тәртібі үшін ол «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 44736 әскери бөлімінің әскери қызметшісі аға сержант Вячеслав Моорға бағалы сыйлық тарту етті.

4-ші жиынтық бітімгершілік рота ағымдағы жылғы бірінші тамызда Үнді бітімгершілік батальоны құрамындағы миссияны орындауға кірісті. Оған Қазақстанның түрлі әскери бөлімдерінен үздік 120 офицер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер кірді.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық бітімгерлер Ливанда бір жарым жыл болды. Осы уақыт ішінде олар өздерін тек жақсы жағынан көрсете білді.

61 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала ДДСҰ коронавирусты шөппен емдеуге келісім берді
Келесі мақала Қырғызстан 2021 жылдың 15 тамызына дейін кеден пунктерін жаңғыртуды аяқтауға тиіс

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *