Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 22 Қыркүйек, 2020

Қазақстанда тұтынушы құқығын қорғау жөніндегі ведомствоаралық кеңес құрылады

 ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Үкімет отырысында Қазақстанда тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі ведомствоаралық кеңес құрылатыны туралы айтты. 

«Қазіргі кезде елімізде тұтынушы құқығын қорғау саласында 65 қоғамдық ұйымдар жұмыс істейді. Министрлік үкіметтік емес ұйымдармен оларды ірілендіру және салалық негізде нығайту принципі бойынша жұмыс істейтін болады. Бұл қоғамдық секторға салалық мемлекеттік органдармен толыққанды ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті министр Үкімет отырысында.

«Бұдан басқа, «Тұтынушы құқығын қорғау туралы» Заңында тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі ведомствоаралық кеңес құру көзделген. Оның отырыстарында мемлекеттік органдардың жұмыс нәтижелері талқыланып, кемшіліктер анықталып, тиісті шешімдер қабылданады. Осы кеңестің құрамы мен ережесі Үкіметтің қарауында», - деді Б. Сұлтанов. Министрлік тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы атқарылған жұмыстар туралы аналитикалық баяндаманы Үкіметке жыл сайын ұсынатын болады.

97 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Елордада жедел медициналық жәрдем автопаркі 2,5 есеге артты
Келесі мақала Алматы полициясы күшейтілген режимге ауысты

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *