Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 22 Қыркүйек, 2020

Ресей тағы бір вакцинасын сынақтан өткізді

Ресейдің денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы тағы бір вакцинаны клиникалық сынақтан өткізуге рұқсат берді. Препаратты Ресей ғылым академиясының Чумаков атындағы Федералды ғылыми орталығы жасап шығарған.  Жақын арада Киров, Санкт-Петербург, Новосбирск қаласындағы еріктілерге осы екпе егіледі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының талаптарына сәйкес, зерттеу жұмыстарына 3 мыңнан астам адам қатысады. Қазіргі таңда Ресейде Гамалея атындағы ғылыми-зерттеу орталығы жасаған «Спутник V» деп аталатын вакцина тіркелген. Сонымен қатар Новосибирск зертханасының ғалымдары «Вектор» деп аталатын препараттың тиімділігін тексеруді бастап кетті.  Жалпы, Ресейде вирусқа қарсы 20 шақты вакцина клиникалық тексерістен өтіп жатыр.


90 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Жапонияда егде жастағы адамдар саны көбейді
Келесі мақала Нобель сыйлығы онлайн форматта табысталады

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *