Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 22 Қыркүйек, 2020

«Асарлатып үй салу» жобасы арқылы көпбалалы ана баспаналы болды

«Асарлатып үй салу» жобасының арқасында Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Мәдімар ауылының тұрғыны баспаналы болды. Төрт баланы жалғыз өзі тәрбиелеп отырған көп балалы ана Ғалия Құрманованың арманының жүзеге асуына аудан әкімдігінің қолдауымен жанашыр азаматтар атсалысқан, - деп хабарлайды Жамбыл облысының баспасөз қызметі. 

Қоныс той иелерін құттықтауға облыс әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаев арнайы барды.

 - Асар – қазақтың ежелгі дәстүрі, оның басты мақсаты – қиын жағдайға тап болған жақынына көмектесу. Өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен бұл игі дәстүрді жамбылдықтар қайта жаңғыртып, мұқтаж отбасыларға арнап үйлер салып беруде. Жергілікті атқарушы органдар жер бөліп, құрылыс материалдарымен қолдау көрсетеді. Бүгін пайдалануға беріліп отырған үйдің құрылысына үлес қосқандардың барлығына алғысымды білдіремін. "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан "Асарлатып үй салу" жобасы бойынша облыс аумағында барлығы 114 үй салынуда, - деді Е.Жылқыбаев.

Тұрғын үй аудан әкімдігі бөлген 15 соттық жерде бой көтерген. Сондай-ақ, жанашыр ауыл тұрғындарының арқасында барлық қажетті жиһаздар және жабдықтармен қамтылған. Бүгінде Құрмановтар отбасының бір сиыр мен бес қойдан құралған шағын шаруашылығы бар. Аудандық білім бөлімі отбасының балаларға компьютер сыйлады.

95 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Волонтерлер Паралимпиадалық орталықта спорттық жарыстар өткізді
Келесі мақала Алматыда санитарлық талаптарды бұзған кәсіпкерлер саны артты

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *