Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Білім & ғылым
  • 22 Қыркүйек, 2020

Асхат Аймағамбетов: Педагогтарға ойға сыймайтын талапты қоятындар бар

Министрлік аппаратының отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жоғарғы оқу орындарында педагогтарға ойға сыймайтын талап қоятындар бар екенін айтты.

Министр ЖОО педагогтары қажетсіз жұмыстардың бәрінен босап, өз міндетімен айналысуы керектігін мәлім етті. «Қазір миға сыймайтын есеп түрлері бар. Мойындау керек. Кәсіпті айқындау журналы, жұмысқа орналасқаны туралы анықтама талап етіледі. ЖОО-лардың бәрі демеймін, бірақ біразы әлі күнге дейін осы анықтаманы талап етіп жүр. Оның не керегі бар? Білім және ғылым министрлігіне ол құжат мүлде керек емес. Жұмысқа орналасу көрсеткішін біз басқа мемлекеттік органдардың электронды базасынан ала саламыз. Мәліметтер жетеді. Тіпті педагогтарға ойға сыймайтын талапты қоятындар бар. Әсіресе жазда кейбір ЖОО-лардағы педагогтардың жұмысы қаншама абитуриентті оқу орнына тарта алатынына байланысты бағаланады. Бұл тіпті нонсенс. Шын мәнінде педагог өз ісімен айналысуы керек», - деді ол.

Сондай-ақ,  министр білім берудегі цифрландыру бағыты едуір реттеліп келе жатқанын тілге тиек етті.

«Әртүрлі реформалар жүзеге асырылып жатыр. Олар керек. Алайда соның ішінде ең басты мәселенің бірі – педагогтарға кедергі жасайтын есеп, жалақы және дербестік мәселесі. Біз мектептер бойынша арнайы бұйрықтар қабылдап, толтыратын нақты тізімді бекіттік. Мектептегі мәселе едәуір реттеліп қалды. Кезінде электронды күнделікті енгізген кезде де қаншама сұрақ туындаған. Бірақ цифрландыру бағытында біз алға жылжыдық», - деді Асхат Аймағамбетов министрліктің аппараттық отырысында.

Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, жоғары оқу орындарының педагогтарына қатысты қағазбастылық проблемасын шешу керек. «Қазіргі уақытта біз академиялық және басқарушы құзыреттердің бәрін университеттерге беріп жатырмыз. Соның шеңберінде министрлік реттеп отырған әртүрлі құжаттың бәрін алып тастадық. 2 қыркүйек күні бұйрыққа қол қойып, оны Әділет министрлігіне тіркедік. Енді осы бұйрықтың шеңберінде жұмыс істеу керек. Білім және ғылым министрлігі университеттерден ешқандай құжаттарды талап етпейді», - деді ол. 

 

101 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала ҚР БҒМ: Қазақстандық жоғары оқу орындарының дипломдары Еуропа елдерінде жарамды болады
Келесі мақала Сәтбаев Университеті жаппай цифрландыру бағытына көшуде

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *